Алматыда Райымбек даңғылы бойынша автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі

Алматыда Райымбек даңғылы бойынша автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі

2023 жылғы 19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жол жүруге рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобильдере уақыт шектеуінсіз  жол жүре алады.

Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі  қала ішіндегі автомобиль легін тиімді құру үшін, сондай-ақ "қарбалас шақта" және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілетін болады.

 Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтаулары тиіс.

Еске салсақ, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі болып табылады. 2022 жылдың наурызында қоғамдық көлікке  бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы