Алматыда 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныпқа тіркеу басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Бұл ретте өтініш берушінің мектепте болуы талап етілмейді. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да беруге болады. Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет көрсету Типтік ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды бастайды. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан мектепке (шағын учаскеге) қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларға қолжетімді болады. Сондай-ақ, балаларды өздерінің шағын учаскелері бойынша мектепке ғана емес, бос орындар болса, кез-келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.
Еске салсақ, көрсетілетін қызметті алушының мектепке қабылдау жөніндегі қызметті алуға өтінім беруі үшін тұрғылықты жерін растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет (тек заңды өкілдер үшін, 14 жасқа дейінгі балаларға тіркеу талап етілмейді).
Бірінші сыныпқа өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:
Сондай-ақ, ата-аналар үшін «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін қалай алуға болатындығы туралы бейнероликті https://youtu.be/a3mfnGjELcc сілтемесі бойынша көруге болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -1 жұмыс күні. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өз өтініміңізді өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қағаз түрінде өтініш берген кезде мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3)медициналық анықтамалар (№065/у және 026/у-3 нысандары);
4) баланың өлшемі 3х4 см көлеміндегі екі дана фотосуреті.
1-сыныпқа балаларды қабылдау мәселелері бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:
Қалада жаңа оқу жылына 30 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.