Алматыда тұрғын үй сатып алуға ұсынылмаған тағы екі ТК жарияланды

Алматыда тұрғын үй сатып алуға ұсынылмаған тағы екі ТК жарияланды

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі барысында төменде ұсынылған көппәтерлі тұрғын үйлерде жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландыруларды анықтады, олардың құрылысына қажет  құжаттардың толық пакеті :

 

«Auezov Apartaments» ТК

Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші «Garant LTD Service» ЖШС.

2021 жылғы 30 Сәуірде тапсырыс беруші тарапынан "Garant LTD Service" ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді.

Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді.

 

«Tole bi Residence» ТК

Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 "Б". Тапсырыс беруші «Adal Сity Stroy» ЖШС.

Сайттарда ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.

Алайда, бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.

Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан ТК-ны құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады.