Алматыда жаңа автобус маршруты ашылады

Алматыда жаңа автобус маршруты ашылады

Қала маңындағы тұрғындардың өтініші бойынша 10 ақпаннан бастап жаңа №230 маршрут іске қосылады.

Ақсай-1 шағын ауданы аялдамасынан шығып, Төле би көшесі – Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Шымкент/Алматы тас жолы – Абылай хан даңғылы – Қаскелең қаласына дейін барып, әрі қарай айналма жолдан бұрылып, кері бағытта жүреді.

Желіде 10 автобус 13 минуттық жиілікпен қызмет көрсетеді.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы