Алматы қаласында Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласында Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы тағайындалды

Қала әкімінің өкіміне сәйкес, Серік Әділбаев Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Серік Әділбаев Қазақ аграрлық университетін тәмамдаған, әр жылдары орман орналастыру кәсіпорнында және қалалық экология инспекциясында қызмет еткен. Сонымен қатар, коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеген.

2016-2021 жылдар аралығында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2021 жылдан бері аталған басқарма басшысының орынбасары болды. 2022 жылғы наурыз айынан бері Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының міндетін атқарып келді.