Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Түрксіб ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 350-ден астам адам келді.

Аудандағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту  проблемасы өзекті мәселе болып қалуда. "Шуақты", "Жас Қанат", Төменгі пятилетка шағын аудандары мен Закарпатская көшесінде 138,2 км желі құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 62,2 км тартылды, жыл соңына дейін 22,7 км су және кәріз құбырларын жүргізу аяқталады.

Тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ауданда 4,2 км желі қайта құрылды. Жыл соңына дейін 11 км электр беру желісін жаңғыртуды аяқтау және 100 көшені сыртқы жарықтандыру жоспарланған. Сондай-ақ, 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілуі тиіс "Тұздыбастау" қосалқы станциясын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 10,3 км 18 көшеде орташа жөндеу аяқталды. Қазан айының соңына дейін ауданның тағы 82 көшесінде, сондай-ақ Құлжа трактісі - Бұқтырма көшесіндегі жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Қала әкімі атап өткендей, ауданда жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қалуда. Осы проблеманы шешу үшін ағымдағы жылы 11 учаскеде (3,8 км.) арықтарды салу және реконструкциялау және Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру бойынша жобалар іске асырылуда, ол Зорге көшесіндегі жаңбыр суын таратуды қамтамасыз етеді. 

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін ауданда 1350 орындық  3 мектепті – №59, №195 және №198  кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. №59 мектеп-гимназиясының аумағында қазан айында 300 оқушыға арналған жаңа ғимарат пен қосымша құрылыс салынады. Бұл ретте ескі ғимараттың бір бөлігі бұзылады. №195 және №198 мектептер бойынша 1050 орынды қосалқы нысандар құрылысының  ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ-ны 2023 жылғы шілдеде аяқтау жоспарлануда.  Сондай-ақ жыл соңына дейін Қайрат шағын ауданын 1500 орындық мектепті  пайдалануға беру жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында 730 орындық 3 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда. Қайрат шағын ауданында 260 орындық бала бақша құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб ауданында 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (ОДА) салу жоспарланған. 4-тоқсанда “Нұршашқан"  шағын ауданында 100 келушіге, Айбасов көшесі бойына 200 келушіге арналған (ОДА) отбасылық- дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Жыл соңына дейін Қайрат шағын ауданында емхана салуға (340 келушіге арналған) ЖСҚ әзірленеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланып отыр.  «Әлмерек» шағын ауданында 200 келушіге арналған амбулатория салу үшін жер учаскесін сатып алу рәсімдері жүргізілуде, 2023 жылы ЖСҚ әзірленетін болады.

Ауданда жыл соңына дейін «Жас қанат» шағын ауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, желтоқсан айында Майлин көшесі бойына салынатын ДСК және Огарев көшесі бойындағы даму және шығармашылық орталығының ЖСҚ әзірлеу аяқталады.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев "Халықтың бюджетке  қатысуы" бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы хабардар етті. Ағымдағы жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба қолға аплынған. Бүгінде 11 жоба іске қосылды, қалғандары осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.         

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.