Алматыда қала күніне орай 16-18 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар және т.б. көре алады.
Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше жерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайында.
16 қыркүйек
15.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы өтеді.
16.00-де «Медеу» мұз айдынында «Medeu Party» халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.
17 қыркүйек
Сағат 17.00-де «Астана» алаңында «Gakku дауысы» заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.
Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді:
- Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;
- Алмалы ауданы – Ганди паркі, сағат 11:00;
- Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;
- Бостандық ауданы – "Mega Alma-Ata" СОО, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00;
- Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00;
- Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;
- Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11: 00;
- Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00.
17 және 18 қыркүйекте сағат 11.00-ден бастап Арбатта, Панфилов к-сі, Абай атындағы ҚазҰОБТ алаңы мен скверінде 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуірлеріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі өтеді.
18 қыркүйек
11.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара өтеді.
18.00-де Almaty Arena мұз кешенінде Salem Almaty концерті өтеді.
19.00-де «Астана» алаңында Zhuldyzdy Live концерті болады.