Алматыда ХӘОТ санатындағы отбасылардың 20 мың оқушысы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алады

Алматыда ХӘОТ санатындағы отбасылардың 20 мың оқушысы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алады

Алматыда ағымдағы жылы «Жаппай оқыту» қорынан берілетін көмек сомасы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңгені құрайды. «Жаппай оқыту» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Биыл материалдық көмек алу құқығына мына отбасылардың 20 мыңға жуық оқушы ие, олар:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтындар;

3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін жағдайларда;

5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Алғашқы екі жағдайда ата-ана немесе заңды өкіл eGov немесе халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш беруі қажет. Басқа жағдайларда-білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсыну керек. Тізімдер оқу жылында бір-ақ рет жасалады.

Жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін оқушылар «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Акция биыл 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.

Бүгінде демеушілер мектеп формасының 4,5 мыңнан астам жиынтығын және мектеп керек-жарақтары бар мыңдаған рюкзактар сатып алды. Қазіргі кезде аудандық білім бөлімдерінде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акциясы аясында мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын алу үшін оқитын жері бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет.

Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген қаланың барлық тұрғындары аудандық білім бөлімдеріне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады:

- Алатау ауданы бойынша: 87006131198

- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553

- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397

- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650

- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554

- Медеу ауданы бойынша: 87759194000

- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498

- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814.