Алматы әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Бостандық ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 300-ден астам адам келді.

Қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып қалуда. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. Бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.

Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай 9 қабатқа дейінгі тұрғын үйлердің қабаттылығы шектеліп, әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті.

Ерболат Досаев аудан тұрғындарын алаңдатып отырған құрылыс жұмыстарын жеке атап өтті.

«Мега Алма-Ата» СОСО аумағындағы тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету үшін саябақ аймағы бар 500 келушіге арналған емхана құрылысына жер телімі сатып алынды. Әл-Фараби-Гагарин даңғылында 1000 орындық мектеп, Әл-Фараби-Радостовец даңғылында 120 орындық балабақша салу жоспарлануда. Құрылыс 2024 жылы аяқталады.

Ағымдағы жылдың қазан айында АДК ауданында «Акварель» ТК-де әрқайсысы 150 орындық 2 балабақша ашылады. 2023 жылдың екінші жартысында 900 орындық мектеп, 180 орындық балабақша, полиция пункті мен сквердің құрылысы басталады. Қыркүйекте №65 мектеп жанынан 300 орындық қосалқы нысан құрылысы басталады, аяқталу мерзімі келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

№2 автопарк ауданында құрылыс салушы «BI group» ЖШС тұрғын үй кешені құрылысының жобасын түзетуде, ол 900 орындық мектепті, 300 орындық балабақшаны, 1,2 га жасыл аймақты қамтитын болады, бұл ретте тұрғын үй кешенінің қабаттылығы 9 қабаттан аспайды.

Сәтбаев-Шагабутдинов ауданында - бұрын осы аумақта 11 үйі бар 2 ТК құрылысы қарастырылған болатын. Бүгінде құрылыс салушы жобаны қайта қарап жатыр. Үйлер санын 11-ден 5-ке дейін қысқарту жоспарлануда. Босатылған аумақта ауданы 1 га саябақ, сквер, тұрақ және әкімшілік ғимараттар болады.

Абай даңғылы бойынша Алматы қаласының құрылуын қолдау аясында құрылыс салушы Абай даңғылы бойындағы 20 линия-Мыңбаев-Кәрімов-Абай даңғылының шаршы алаңында шамамен 60 сотық жер учаскесін сатып алу туралы Меморандумға қол қойды. Бұл аумақта құрылыс салушымен бірлесіп балабақша, променадтық аймақ, спортпен айналысуға арналған алаң, балалар алаңы, сквер салу жоспарлануда.

«Рамс city» ТК құрылыс салушы – бұрынғы жеміс консерві комбинатының ауданы бойынша  үйлер санын 57-ден 37-ге дейін азайту үшін жобаны қайта қарады. Бұл ретте жоба әлеуметтік нысандардың құрылысымен толықтырылды: 1100 орындық мектеп, учаскелік полиция пункті, әрқайсысы 120 орындық 2 балабақша. Бұдан басқа, құрылыс салушы учаскенің солтүстік және оңтүстік жағынан абаттандыру және көгалдандыру үшін шамамен ауданы 1,3 га жер учаскелерін алып қою рәсімін жүргізеді.

Қала басшысы тұрғындардың өтініші бойынша Южный саябағындағы жер телімін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 19 сәуірде осы учаскені қайтарып алу туралы қаулы қабылданды, бірақ оның иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттің қажеттілігі  үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап-арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» саябағының аумағы 2,8 га ұлғаяды.

Әкім тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен таныстырды. Аудан мектептерінде оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін маусым айында №146 лицей мен №191 мектеп жанынан әрқайсысы 300 орыннан 2 қосымша құрылыстар аяқталды. 1 қыркүйекке дейін 275 орындық №125 мектепке қосымша нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі «Әділет» колледжінің иелігіндегі 600 орындық №94 мектеп алаңының бір бөлігін сатып алды. Осы жылдың соңына дейін балалар толыққанды мектепте оқуға кіріседі.

Ерболат Досаев сондай-ақ сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әрқайсысы 500 келушіге арналған 2 емхана салу жоспарланғанын хабарлады. Оларды енгізу қолданыстағы жүктемелерді 30 мың адамға азайтады.

Ерболат Досаев атап өткендей, бұрын өткен кездесуде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінде лифтілер мен пандустардың қолжетімділігі мәселесі көтерілген болатын. Көктемде жер үсті және жер асты өткелдерін тексеру барысында 2 ақаулы көтергіш анықталды. Лифтілер мен көтергіштерді ағымдағы жөндеуге биыл 6 млн теңге бөлінді. 1 қарашаға дейін қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Көтергіштерге қолжетімділік үшін әмбебап кілттер жасалды, олар барлық жүгінген адамдарға беріледі.

Әкім тұрғындарды инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша жұмыс барысымен таныстырды. Әл-Фарабидің оңтүстігінде, «Ерменсай» шағын ауданында тұратын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тазарту құрылғылары салынады. «Нұрлытау» шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру бойынша ЖСҚ әзірленуде. «Нұрлытау» бойынша желілердің  әрқайсысының ұзындығы 50 км. Бұл ауыз сумен ауданның 10 мың тұрғынын қамтамасыз етеді.

Ерғожин, Ганди куөшелерінде, Орбита-4 шағын ауданында ұзындығы 1,6 км жылу желілерін қайта жаңарту жүргізілуде. Бұл 546 көппәтерлі тұрғын үйге, 20 білім беру объектісіне және 12 денсаулық сақтау объектісіне үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етеді.

Тағы бір өзекті мәселе-жол инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру. Алғашқы кездесу кезінде тұрғындар әкімге Асқаров және Биокомбинатская көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Бүгінде таңда бұл жұмыстар орындалды

Сонымен қатар, 65 көшенің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жалпы ауданы 8 248 шаршы метр болатын әрі ұзындығы 14,5 км 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды, тамыз айынан бастап 4 көшенің асфальтын ауыстыру жоспарлануда.

Биыл «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында 800 млн.теңгеге 21 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 11 нысан бойынша жұмыстар басталды. Барлық жобалар 1 қарашаға дейін аяқталады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіледі

Аудан бойынша 6 су басу учаскесі анықталды, олар ағымдағы жылдың соңына дейін ТЖ желісі бойынша жойылатын болады, 2023 жылдың соңына дейін 60 км арық желілерін қайта құру және салу жоспарлануда.

Кездесу барысында қала әкімі жол қозғалысы қауіпсіздігі  ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданда 99 «Сергек» камерасы, адамдар көп жиналатын жерлерде Алматы қаласы ПД ЖБО-ға шығарылған 110 бейне мониторинг жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін 40 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.