Алматы қаласы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

Алматы қаласы аудандарының әкімдері көпбалалы аналармен кездесулер өткізді

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдеріне көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулер ұйымдастыруды тапсырған еді.

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.

Кездесуге барлығы 99 көпбалалы отбасы келді, әкімдерге 126 сұрақ қойылды. Оның ішінде 52 сауалға түсініктеме берілді, 37 сұрақ кездесуден кейін пысықталды, тағы 37-сі жұмыс үстінде.

Негізгі сұрақтар:

* тұрғын үй алу (кезекке қою) – 30 (24%);

* білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) – 29 (23%);

* әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) – 25 (20%);

* ТҮКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14 (11%);

* жұмысқа орналастыру – 15 (12%);

* басқалары – 13 (9,5%).

Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.