Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі

Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі

Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.