Алматыда Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалды тақта ашылды

Алматыда Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне мемориалды тақта ашылды

ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, көрнекті академик-гидрогеолог және Ұлы Отан соғысының ардагері Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне Назарбаев даңғылы, 172 мекенжайда мемориалды тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға отбасы мүшелері, Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері, ҚР ҰҒА академиктері, У.М. Ахмедсафин атындағы  гидрогеология және геоэкология институтының жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.

Жүрімбек Сыдықов - академик, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының үлкен алтын медалінің, Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың, бірінші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.

Ғалым Орал-Мұғалжар таулары мен Мұғалжар жазығының жер асты суларын көп жылдық зерттеу бойынша іргелі монография жазды. Түрлі мерзімді басылымдарда гидрогеология бойынша барлығы 35 монография, 720 еңбек жариялаған.