Қайыржан Меңдіғалиев Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болды

Қайыржан Меңдіғалиев Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болды

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА, ҚАУ) бұрынғы-бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев тағайындалды.

Қайыржан Меңдіғалиев 2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін «құқық және экономика негізі» мамандығы бойынша бітірді, 2013 жылы осы университетте «инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2013 жылдан 2014 жылдар аралығында Халықаралық бизнес университетінде оқытушы болып жұмыс істеді.

2014 жылдың маусымы мен қыркүйек айлары аралығында Халықаралық бизнес университетінің түлектерімен және студенттермен  жұмыс жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Халықаралық бизнес университетінің маркетинг және әлеуметтік даму департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2018 жылдар аралығында Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2018 жылдан 2021 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғанға дейін Халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры қызметін атқарды.