Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс ұйымдастырылады

Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс ұйымдастырылады

Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс ұйымдастырылады

Жазғы кезеңде алматылық оқушыларды жұмыспен қамту келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

Бірінші – 26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін 1-8 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп жұмыс істейді. Жазғы мектепте негізгі сабақтардан басқа дене шынықтыру минуттары, қозғалмалы ойындар, флешмобтар көзделеді. Оқушыларды шамамен қамту 30 мыңнан астам адамды құрайды.

Екінші – 7-13 жастағы балаларға арналған жазғы мектеп жанындағы лагерь екі түрде: толық күнге тамақпен және толық емес күнге тамақсыз жұмыс жасайды.

Жұмыс уақыты 2022 жылғы 1 маусымнан 27 тамызға дейін.

26 мыңнан астам бала қамтылады.

Үшінші – мектептерде спорттық секциялар, үйірмелер, студиялар, оқырман клубтары мен мектеп кітапханалары жұмыс істейтін болады.

Білім беру ұйымдарында жазғы кезеңде барлығы 1150 үйірме мен секция (бейнелеу өнері, тоқу, қолданбалы өнер, спорт секциялары) жұмыс істейтін болады.

Қамту шамамен 28 мыңнан астам бала.

Төртінші – Алматыда жазда балалармен қосымша білім беру ұйымдары (оқушылар сарайы, алты оқушылар үйі, 44 жеке қосымша білім беру ұйымдары) жұмыс істеуі жоспарлануда.

Жазғы демалыс кезеңінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында барлығы 1200-ге жуық үйірмелер мен секциялар қолжетімді.

28 мыңнан астам бала қамтылады.

Бесінші – қалалық және қала сыртындағы жазғы балалар лагерлері

Балалардың жазғы демалысы бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ коммерциялық негізде ұйымдастырылады.

Сауықтыру демалысымен бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалар: көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар қамтылатын болады.

33 мыңнан астам бала қамтылады.