Алматыда екі балабақша ашылады

Алматыда екі балабақша ашылады

Алматы қаласының Медеу ауданында күрделі жөндеуден кейін №114 және 116 балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды төмендету мақсатында реконструкциялау  жұмыстары жүргізілді. Жобаға 3-ші қабаттың құрылысы енгізілді.

Нәтижесінде балабақшалардың сыйымдылығы 145-тен 190 балаға дейін өсті, оқыту топтары 8-ге дейін артты. Мектепке дейінгі мекемелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген, бүлдіршіндердің балабақшаларда жан- жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Балалардың физикалық дамуы үшін жеке денешынықтыру залы, сондай-ақ ойын алаңдары қарастырылған. Медициналық блок толық жабдықталған, олар – медициналық,ем қабылдау, психология, логопед-дефектолог кабинеттері және т. б.

Жайлы қалалық орта басқармасы балабақшаларды Білім басқармасына беру туралы қаулы дайындауда. Екі балабақша да балаларды маусым айынан  қабылдай бастайды.