Абай даңғылында уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат

Абай даңғылында уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 мамыр күнгі сағ.22:00 мен 15 мамыр күнгі сағ. 06:00 аралығында Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік жүрісі уақытша шектелетін болады.

Аталған бөліктің, яғни Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары 15 мамыр күнгі сағ.22:00-ден 16 мамыр күнгі сағ.06:00-ге дейін жүргізіліп, жол уақытша жабылады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.