Б. Сағынтаев баланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Б. Сағынтаев баланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көпбалалы отбасына барды.


Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен реанимацияда.

Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.