Алматыда Әлеуметтік көмек пункті салынуда

Алматыда Әлеуметтік көмек пункті салынуда

Алатау ауданындағы «Томирис» шағын ауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілуде.


Сыйымдылығы 143 төсек-орынды құрайды, жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метр.

Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі және өмір сүру қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту үшін көзделеді.

Аталған мекеменің басты міндеті қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, оны бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару, – деді бүгін қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз конференциясында.