
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді», - деп жазды ол.
Жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша Президент қаладағы бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ ЖЭО-ның бірінде жүргізіліп жатқан реконструкцияның барысымен танысады.