Алматыда 201 жылдың 21-22 қазан аралығында жауған жауын-шашын туралы ақпарат

Алматыда 201 жылдың 21-22 қазан аралығында жауған жауын-шашын туралы ақпарат

21 қазан күні сағат 22.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, 22 қазан күні таңғы сағат 02.00-ден бастап үзіліспен қар жауды. Жол тазартуға 537 техника бірлігі, оның ішінде 117 құм шашқыш және 1073 жол жұмысшысы шықты.


Тау бөктері мен таулы аудандарда көктайғаққа қарсы материалдар себіледі және қар сыпырылады.
Тау бөктеріндегі аудандарда 10 см, таулы жерлерде 16 см қар жауды.

Қалада сілбі қардан құлаған бұтақтарды тазарту және жолдар мен тротуарларға құлаған бұтақтарды және жапырақтарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 23 қазанға қараған түннің бірінші жартысына дейін жауын-шашын сақталады. Бүгін күндіз ауа температурасы: + 2,+4 градус, түнде -1, -3. Ертең күндіз +8,+10 градус жылы.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы