Моңғол авиакомпаниясы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынады

Моңғол авиакомпаниясы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.


Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.