Б. Сағынтаев Қазақстандағы Жапония Елшісімен кездесті

Б. Сағынтаев Қазақстандағы Жапония Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Ямаданы қабылдады.


Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуды, сондай-ақ Алматы қаласы мен Күншығыс елінің префектуралары арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы мен Жапония арасындағы тауар айналымы 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсті және 177,2 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт - 0,3 млн доллар, импорт - 176,9 млн доллар. Мегаполисте 12 бірлескен және 40 жапондық кәсіпорын тіркелген.

Мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аясында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сияқты университеттер мен Жапонияның Цукуба университеті, Токио университеті және т.б. ынтымақтастық орныққан. Қазақстандықтардың «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында жапондық 4 университетте білім алуға мүмкіндіктері бар. Алматыда 2002 жылдан бастап «Нархоз» университетінің базасында адами ресурстарды дамытудың Қазақ-жапон орталығы жұмыс істейді.