Б. Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

Б. Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына барды.

Б. Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық тиісті көмек көрсетіліп, қолдау шаралары қабылданбақ.

Хабарланғандай, Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.