Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты №5 қалалық клиникалық аурухананың дәрігер-инфекционисі Ольга Антипова вакциналар коронавирус инфекциясына шалдыққандардың дертін жеңілдететінін, сонымен қатар постковидтік синдромды сақтайтынын айтты.
О. Антипованың айтуынша, вакциналар жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Олар адам ағзасына бірдей әсер етеді.
«Вакциналар адам ағзасының иммундық жүйесін күшейтеді, дертке қарсы тұрады. Екпе салдырған адам аурудың алдын алады», - деді дәрігер.
О. Антипова вакциналану туралы айта келе, қазіргі уақытта Қазақстанда вакциналардың екі түрі қолданылатынын айтты: Hayat-Vax, QazVac, СoronaVak, Vero Cell және «Спутник-V» векторлы вакцинасы. Әр емханада екпе пункттері ашық, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін екпе пункттері сауда орталықтары мен базарларда орналасқан. Мысалы, №5 қалалық клиникалық ауруханада екі екпе пункті бар, тағы бір екпе пункті «Достық Плаза» сауда орталығында орналасқан.
«Барлық екпе пункттері вакцинаның түріне байланысты температураны сақтау шарттары бар тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған: инактивті вакциналар үшін плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейін және «Спутник-V» векторлық вакцинасы үшін минус 18°C және одан төмен», - деді О. Антипова.
Вакциналану алдында сауалнама жүргізіледі, анкета толтырылады. Дәрігердің міндетті тексеруі дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау, қанықтылық, пульс, қан қысымын өлшеу арқылы жүргізіледі. Барлық деректерді талдай отырып, дәрігер вакцинацияға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
«Иә, біз кейбір адамдардың вакцинадан кейін сырқаттануын көріп жатырмыз, бірақ олардың саны аз және олар жеңіл түрде ауырады. Сондықтан мен жұртшылықты екпе салдыруға шақырамын. Өйткені, ұжымдық иммунитетке қолжеткізгенде ғана біз пандемияға қарсы тұра аламыз », - деді дәрігер-инфекционист.