
«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша даму үшін сегіз ауданның әрқайсына 800 млн теңгеден бөледі. Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мегаполис тұрғындарының қалаға қажет жобаларды қалай ұсына алатынын айтты.
Алматыда 23 тамыздан бастап қалалықтардан бюджет ақшасын неге жұмсауға болатындығы жөнінде ұсыныс айтқан өтініштерді қабылдау басталды. Сегіз ауданның әрқайсысына даму мен абаттандыру үшін 800 млн теңге бөлінді. Қала тұрғындарына қаражатты неге жұмсау таңдау құқығы берілді. Жоба «Бюджетке қатысу» деп аталады.
«Өтінімдерді қабылдау басталды және 1 қазанға дейін жалғасады, қазірдің өзінде 97 жобалық ұсыныс келіп түсті. Екінші кезеңде жобалар бағаланады. Сараптамалық кеңес ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 күн ішінде алынған жобалық ұсыныстарды әкімдіктің құзыреттілігінің болуы мен жобалардың критерийлеріне сәйкестігіне талдау жасайды», - деді А. Батанов.
Бағалау нәтижелері бойынша алдын ала қабылдау хаттамасы дайындалады, ол әкімдіктің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ жобаларды аяқтау бойынша ұсыныстар жарияланады. Авторлардың жобаларды аяқтауы төрт күн ішінде жүзеге асады.
Келесі кезеңде қайта түзетілген жобалар екі күн ішінде қаралады, содан кейін Сараптамалық кеңестің хаттамасы шығарылады. Деректер budget.open-almaty.kz сайтында жарияланады.
«Қоғамдық дауыс беру ең жақсысын анықтайды. Ол үшін Алматы тұрғындары сайтқа кіріп, осы жылдың 9 қарашасына дейін өздеріне ұнаған жобаға дауыс беруі қажет. Дауыс беру тек ЭСҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар растау SMS коды бар ЖСН негізінде, сондай-ақ әкімдіктер жанындағы әр ауданда сайлау жәшіктері тиісті түрде орнатылған қағаз түрінде жүргізіледі», - деп жалғастырды А. Батанов.
Жобаларға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, КСК өкілдері және басқалары өз бағаларын береді. Бұл ретте 10-нан аз тұрғын дауыс берген жобалық ұсыныстарды орындауға рұқсат етілмейді. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі сайтта және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Осыдан кейін аудандық әкімдіктер мен бөлімдер бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға кіріседі.
А. Батанов жоба қатысушыларына дайындық жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында 13 қыркүйекте Uymdasu Participatori Budgeting әлеуметтік жобасы аясында барлығына арналған тегін онлайн-тренингтер сериясы басталғанын қосты. Тренингке Open-Алматы сайтында тіркелуге болады.
А. Батанов алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырды.
«Аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер құру, спорт алаңдарын жасау бойынша өз идеяларыңыз бен жеке жобаларыңызды ұсыныңыздар», - деді басқарма басшысы.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында абаттандыру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бюджетіне «халықтың қатысуы» үлесін 10 есеге арттыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, азаматтардың өтініштеріне жедел тиімді жауап беретін "Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бүкіл елдің ортақ міндеті.