Алматыда коронавирустың төртінші толқынын тұрақтандыруға вакциналанған тұрғындар саны жеткіліксіз

Алматыда коронавирустың төртінші толқынын тұрақтандыруға вакциналанған тұрғындар саны жеткіліксіз


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Ол бүгінде вакцинаның бірінші компоненті мегаполис халқының ресми санынан 35%-дан сәл артық, екіншісін халықтың 24% алғанын хабарлады. Ересек тұрғындар арасында вакцина алғандар кем дегенде 60%-ға жетуі тиіс.

Ж. Бекшин күн сайын вакцинаның бірінші компонентін 7,7 мыңнан астам адам алатынын айтты.

"Бұл эпидемияның қазіргі толқынын тұрақтандыру үшін жеткіліксіз. Қалада "дельта" коронавирус нұсқасының таралу қарқыны жоғары", – деді бас дәрігер.

Ол балалар мен жастардың әлі де қауіп аймағында екенін айтты. Соңғы екі аптадағы жас құрамын талдау нәтижесі бойынша, 1 жасқа дейінгі балалардың ауруды жұқтыру жалғасуда. Барлық КВИ науқастарының 2,8%-ын құрайды. Бұл өткен аптада 136, осы жолы 190 бала тіркелді.

14 жасқа дейінгі балалар арасында 965 жағдай және 40 пен 59 жастағы азаматтар арасында 1 824 жағдай тіркелген. 60 жастан асқандар – 1 487 адам.

"Вирус жұқтырғандардың арасында иммунитеті мықты жас халық басым. Сондықтан коронавирустың төртінші толқыны бұрынғыға қарағанда қауіпті. 20 мен 40 жас аралығындағы алматылықтар арасында КВИ ауруы 38%-ды, 40 пен 59 жас аралығындағы азаматтар арасында – 25%-ды және 60 жастан асқан адамдар арасында – 20%-ды құрайды", – деді Ж. Бекшин.

Спикер Алматыда коронавирус бойынша жағдай күрделі екенін атап өтті. Инфекциялық стационарлар жоғары жүктемемен жұмыс істеуе. Оңтүстік астананың тұрғындары вакцинаны кейінге қалдырмаулары тиіс. Эпидемиологтардың айтуынша, "дельта" штаммы өте жұқпалы әрі қауіпті.