ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.
Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет.
Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады.