Б. Сағынтаев Әуезов ауданынының инфрақұрылымдық даму барысымен танысты

Б. Сағынтаев Әуезов ауданынының инфрақұрылымдық даму барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, сондай-ақ аулалар мен жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына баға берді.


Ауданның сегіз шағын ауданында Жандосов – Сайын - Шаляпин – Қарғалы ө. қалалық сумен жабдықтау және су беру желілері жоқ. Мұнда 65 көпқабатты және 847 жеке үй орналасқан, барлығы 11, 2 мың абонент бар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Сумен жабдықтау желісінің ұзындығы - 74 км, судан бұру желісінің ұзындығы - 35 км.

Б. Сағынтаев сонымен қатар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымының даму қарқынын тексерді. Мамыр шағын ауданында №18 емханаға қарасты амбулатория бар. Үй-жайдың тар болуына байланысты сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкін емес. Мұның шешімі – Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша күзде дәл дәл осы шағын ауданда ауысымында 200 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға арналған жаңа ғимарат салу. Амбулатория келесі көктемде пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Алматы әкімі сондай-ақ №4 шағын аудандағы №6 емханада жүргізілген күрделі жөндеулерге баға берді. 1965 жылы салынған ғимаратты жөндеу кезінде сүзгілер мен желдету жүйелерінің болуына арналған заманауи стандарттар ескерілді. Бүгінде 58 мың адамға қызмет көрсететін емхана 88% медициналық жабдықтармен жабдықталған. КТ және МРТ аппараттарын жеткізу күтілуде, содан кейін жабдықтар 100%-ды құрайды.

Б. Сағынтаев емханаға барған кезде медициналық бөлімдер мен вакцинация бөлмесін қарап шықты. Емханаға тіркелген тұрғындардан 10 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинацияланған. Қала әкімі вакцина алып, 30 минуттық бақылауда болған алматылықтармен сөйлесіп, оларға денсаулық тіледі.

Ақсай-2 шағын ауданында №121 мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталуда. 450 орынды ғимаратта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 1-4 сынып оқушылары білім алатын болады. Сыныптардың жаңа бөлмелерін қарап шыққан қала әкімі Б. Сағынтаев пайдаланылатын материалдардың сапасына баса назар аударуды, сонымен қатар қасбетін безендіру кезінде ашық түстерді қолдануды тапсырды. Жалпы, Әуезов ауданында3,6 мың орынды мектептердің бес жаңа корпустары салынуда.

Б. Сағынтаев сондай-ақ «Мамыр-1» шағынауданындағы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жүргізілген аулаларды абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жөндеу кезінде ескерілетін спорттық және ойын алаңдарына қатысты тілектерін білдірді. Қала әкімі тұрғындарға бос уақытты өткізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Мегаполис әкімі Яссауи және Төле би көшелері бойындағы жаяу жүргіншілер аймақтарын, «Бюджетке қатысу» жобасы аясында абаттандырылған Шаляпин және Сайын көшелері бұрылыстарының аумақтарын аралап көрді. «Бюджетке қатысу» жобасы аясында ауданда 22 жоба жүзеге асырылуда, оның 7-уі қоғамдық орындарды абаттандыру, 14-уі 16 ауланы жөндеу, 6-уы Сайын көшесіндегі КҚТҮ-дің қасбеттерін безендіру.

Жалпы, биыл №3 және №6 шағын аудандардағы 73 аула аумағын күрделі жөндеу басталды. «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша аулаларды абаттандыруға қатысты 16 жоба таңдалды.

Ауданда Момышұлы көшесі бойындағы Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер жолы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстың барысымен танысқаннан кейін Б. Сағынтаев аумақтарды көгалдандыруға назар аударуды және екпелерді суаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапары кезінде Б. Сағынтаев Сайран көлінің айналасын абаттандыру жобаларымен де танысты. Мегаполис әкімінің тапсырмасы бойынша қалыптасқан экожүйені бұзбай, аумақты серуендеу, белсенді және жайлы демалыс аймақтарына бөлу қажет.