Б. Сағынтаев: Алматыда туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Б. Сағынтаев: Алматыда туристердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таулы бағыттарды абаттандыру шаралары туралы айтты.


Қаланың әрбір екінші қонағы – шетелдік турист. Пандемияға қарамастан, өткен жылы Алматыға 163 мың шетелдік қонақ келді. Қала тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал демалыс түрі – тауларда серуендеу. Пандемия барысында таулы аймақтарға бару төрт есе өсті.

Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, қала тұрғындары мен қонақтарының уақыттарын қауіпсіз әрі жайлы уақыт өткізуі үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Мәселен, адамдар көп жиналатын демалыс орындарының инфрақұрылымы ретке келтірілуде: таулар мен ұлттық саябақтарда.

1 мың шақырым таудың жаяу соқпақтары цифрландырылды, 500 шақырымы абаттандырылды.

Шымбұлақта, Медеуде визит-орталықтар ашылды. Осындай орталықтар Аюсай шатқалында және «Горельник» термалды көзінің жанында жұмыс жасай бастады. Медеуде, Республика алаңында, Халықаралық әуежайда және Республика сарайының жанында туристік полицияның 4 пункті ашылды.

Туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыстың аймақтары кеңейтіледі. Бұдан өзге, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті, Тұйық су қыратында тікұшақ алаңы, таулы бағыттардың шеткі тораптық учаскелерінде туристер паналайтын 15 лашық салынады. Сондай-ақ, құтқару топтарына сигнал беру үшін дабылды бастырмалары бар 10 радиорелейлі бағана орнатылады.