Эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі, сондықтан алматылықтардың КВИ-ге қарсы вакцина алғандары жөн

Эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі, сондықтан алматылықтардың КВИ-ге қарсы вакцина алғандары жөн

Алматыда COVID-19 жұқтырған симптомды науқастар көбеюде: қала тұрғындарын вакцина алуға шақыруда


Осы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 56 526 жағдайы тіркелген. 03.05.2021 ж. коронавирустық инфекцияның 658 жағдайы тіркелді, оның ішінде 602 симптомды, 56 симптомсыз, 1 жағдай этиологиясы анықталмаған пневмония. Тәуліктік өсім-1,1%. Репродуктивті саны-0,999. Емделгендер - 44 393 адам, қосымша тәулігіне-200 науқас сауығып шықты.

 

КВИ штаммдарының мутациялануына байланысты КВИ жұқтыру мен дертке шалдығу жалғасуда. Симптомсыз науқастардың үлес салмағының төмендеуде, симптомдық науқастар көбеюде: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%, сәуір 86%, мамыр айының үш күнінде 87,4%.



Негізінен инфекцияны 20-дан 70-ке дейінгі жас аралығындағылар тез жұқтырады. Олар науқастардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Соңғы 7 күнде науқастанғандардың 33% - ы 20-дан 39-ға дейінгі жас аралығына жатады; 28,9% - ы 40-тан 59-ға жасқа дейін; 23,3% - ы 60 және одан жоғары жастағылар.



Жалпы бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (6060 төсек -орын) 3767 адам жатыр. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мқсатында пациенттер сырқат дегейіне қарай бөлінуде, яғни эшелондау қағидаты енгізілді. Мұның бір артықшылығы, төсек-орындар жеткілікті болады. Бүгінде төсек-орын қорының 58,3% - ы, реанимациялық төсек- орындардың 51,6% - ы бос емес.



Еске салсақ, бірінші эшелонға жағдайы ауыр науқастар, қосалқы аурулары және ықтимал қауіптері бар орташа ауырлықтағы пациенттер жатады. Екінші эшелонға орташа ауыр жағдайдағы пациенттер жатады, ал үшінші эшелон-резервтік стационарлар.


Бүгінде 5 176 пациент МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында.



Тәулігіне 15670 сараптама жасау үшін 26 ПТР зертхана жұмыс істейді, келешекте 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін.Сондай-ақ, тәулігіне 3 248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді.



Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.2021 ж. № 13 қаулысына сәйкес ҚР-ға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды.


Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Айта кетерлігі, қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқынды жүруде. 4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4 878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 дәрігер. Егілгендердің жалпы санын 60 жастан асқан 30 256 адамды құрайды (13,4%).


Алматылықтарың екпе алғандары жөн, бұл ағзаны коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылды.