Astana Hub Алматы қаласы әкімдігінің Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып «Smart City» тұжырымдамасы бойынша қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптарға арналған акселерация бағдарламасын іске қосады.
⠀
Бағдарлама қала инфрақұрылымының дамуына елеулі ықпал етуге қабілетті стартаптарды қолдауға бағытталған және келесі бағыттар бойынша іріктеу жүргізіледі:
🔹 Қауіпсіздік;
🔹 ТКШ;
🔹 Денсаулық сақтау;
🔹 Туризм саласы;
🔹 Ақпараттандыру;
🔹 Білім;
🔹 Көлік;
🔹 Қаланы басқару /үйді басқару;
🔹 Экология;
🔹 Энергетика;
🔹 Құрылыс.
Ең перспективті және дайын дерлік жобалар Алматы қаласы әкімдігі тарапынан өзара тиімді ұсынысқа үміт арта алады.
Қаланы жақсы жаққа өзгертуге дайын болсаңыз, дәл қазір өтініш беріп үлгеріңіз.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 28 сәуірден 30 маусымға дейін
Бағдарламаның ұзақтығы: 25 шілде -25 қазан (3 ай)
🔗 Толық ақпарат үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://astanahub.com/l/hub05