Медициналық және білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру үшін не жасалуда. Медеу ауданының әкімі жаңа жобалар туралы айтты

Медициналық және білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру үшін не жасалуда. Медеу ауданының әкімі жаңа жобалар туралы айтты

Алматы қаласы Медеу ауданының қандай білім беру нысандары 2021 жылы жөндеумен қамтылатынын аудан әкімі Әсет Масабаев хабарлады. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан ол білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер мен медицинаны қайта құру және жөндеу туралы айтты.


Әсет Масабаевтың пікірінше, Алатау шағын ауданында орналасқан №7 мектепті үлкен өзгерістер күтуде. Онда сейсмикалық күшейтумен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары осы жылдың жазында аяқталады. Аудан әкімі Алатау шағын ауданында жергілікті тұрғындар үшін қажетті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталғанын айтты. Жоспарда әмбебап зал, яғни 5 жолға арналған жүзу бассейні, балалар бассейні, тренажер залы, теннис үстелдері және т. б. қарастырылған.

Сонымен қатар, №48 мектеп ғимаратының тозуына байланысты оған жапсарластыра 300 орындық қосымша ғимаратты қоса салу арқылы күрделі жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021 жыл.

Самал-2 шағын ауданындағы №131 мектеп-лицейінің ғимаратын сейсмикалық нығайтып, күрделі жөндеу жоспарлануда. Ғимараттың жалпы ауданы - 18 1820 ш.м., 1988 жылы салынған. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«Сонымен қатар, биыл 540 орындық жеке инвестициялар есебінен ШААЖ бойында заманауи жеке мектеп (Хай Тек Академи) ашу жоспарлануда», - деп толықтырды Әсет Масабаев.

Сондай-ақ, №114,116,141 үш балабақшада қолданыстағы ғимаратқа жапсарлас және қосымша құрылыс есебінен әрбір балабақшада жобалық қуаттылықты 50 орынға ұлғайта отырып, күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Одан бөлек, 5 жекеменшік балабақша және шағын орталықтар ашу жоспарлануда.

Брифинг барысында Медеу ауданының әкімі денсаулық сақтау тақырыбына да тоқталды. Әсет Масабаев келтірген деректер бойынша, ауданда бүгінде 10 денсаулық сақтау нысандары бар, оларға 212 мыңнан астам адам тіркелген. Сонымен қатар, «Шетсіз қала-шекарасыз медицина» жобасы аясында ауданда 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Соған қарамастан, медицина нысандарының саны жеткіліксіз, осыған байланысты Кеңсай шағын ауданында дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда. Әкімдік Шоқай көшесі, 224 мекен жайында жалпы ауданы 166,8 ш.м. құрайтын ғимаратты тапты, оның базасында тағы бір медициналық ұйым пайда болмақ. Аталған жобаның жүзеге асырылуы Кеңсай алабының халқын ғана емес, Медеу ауданының «Сұлусай» шағын ауданы тұрғындарын да қамтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда Думан шағын ауданында халықтың үлкен көші-қоны жүріп жатыр. Қазіргі амбулатория 5000 тұрғынға есептелген, қазіргі таңда оның қуаттылығы медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге мүмкіндік бермейді, өйткені халықтың саны 3 есеге артқан (20 000-нан астам адам)», - деді Әсет Масабаев.

Осыған байланысты, «Меркур Сити» тұрғын үй кешенінің инвесторларымен «Думан» шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу үшін жер учаскесін бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда жобалық қуаты бір ауысымда 200 адам қабылдайтын жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге өтінім берілді.
[14:21, 29.04.2021] B. Altay: Алматыда 2021 жылы машина жасау, құрылыс, химия және фармацевтика салалары бойынша 10 өндірістік кәсіпорын іске қосылады

2025 жылға дейін Алматының Индустриалды аймағында 3300 жұмыс орнын ашу, 29 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

2021 жылы Алматының индустриалды аймағында экономиканың басым салаларынан 10 өндірістік кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында қаланың Индустриалды аймағының директоры Әділ Әміралин мәлімдеді.


ӨКҚ алаңында Алматының Индустриалды аймағының директоры Әділ Әміралин мегаполисте іске қосылатын жаңа кәсіпорындардың тізімін жариялады. Олар: СК «Рахат» ЖШС, «Высотник» ЖШС, «КАЗ-Диа-Тест» ЖШС, «City Stone», «Әлем Тынысы» ЖШС, «Asia steel pipe corporation», «Электробар», «Valtherm», «Technokont».

Спикер биыл іске қосылып жатқан жобалар машина жасау, құрылыс, химия және фармацевтикалық өндіріс салаларына жататынын атап өтті. Бұл жобаларды жүзеге асыруға инвестициялардың жалпы көлемі 40,5 млрд. теңгені құрайды.

«Аталған жобаларды іске асырудан бүкіл қала экономикасының дамуына қолайлы мультипликативті нәтиже күтіледі. Бұл белсенділігі төмен аудандарда жұмыс орындарын құру, салық салынатын базаны ұлғайту және өнеркәсіптік өндіріс пен ШОБ саласының өсуі арқасында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету», - деді Әділ Әміралин.

Мысалы, тек 9 жобаның арқасында 800-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Қазір барлық кәсіпорындар іске асырылудың әр түрлі кезеңдерінде. Біреулерінде инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп жатса, басқаларында жабдықтарды іске қосу-баптау, үшіншісінде - ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әділ Әміралин өз сөзін іске асырылған жобалар жайында жалғастырды. Биылғы бірінші тоқсанда мыс және алюминий созба сым шығаратын «КМК Investment» ЖШС зауыты іске қосылды. Оның қуаттылығы – жылына 25 000 тоннадан астам өнім шығарады, 80 жұмыс орны құрылған. Жобаның құны - 11,3 млрд теңге.

«Жоба Қазақстанның Ресей, Қытай, Парсы шығанағы елдеріне және ЕАЭО-ға экспортының елеулі үлесі бар инновациялық өнімдерге қажеттілігін жабады», - деп атап өтті Индустриалды аймақ директоры.

Әділ Әміралин «КМК Investment» кәсіпорны 2018 жылдың қыркүйек айында индустриялық аймақта қуаттылығы жылына 100 000 км-ден астам өнім шығаратын «ЕВРАЗКАБЕЛЬ» кабельді-өткізгіш өнім шығаратын зауытты іске қосқанын атап өтті. Онда 100-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Зауыт толық өндірістік циклі бар Еуразиялық энергокомбинат құруды жоспарлап отыр.

Әділ Әміралин онлайн-брифинг барысында Алматының индустриалды аймағының 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарлары туралы айтты, 3329 жұмыс орнын құра отырып, жалпы инвестициясы 81,1 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Директор Әділ Әміралин қорытындылай келе, 6,4 мың жұмыс орнын құрған, 196,6 млрд теңгенің жобалары бар 52 компания Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушылары екенін айтып, толықтырды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 75 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылды, 2 248 жұмыс орнын құрумен 99,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл кәсіпорындар: «BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment» - бірінші және екінші кезеңдер, «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan».

Алматының Индустриалды аймағының жалпы аумағы 490 гектарды құрайды. Бүгінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 222 га бөліген (74 га іске асырылған жобалар, 148 га жүзеге аысырылып жатқан жобалар), 104 га бос.