Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады

Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монумент қойылатын жерге тасты орнатуға қатысты.

 

 

Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті.

 

«Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды», - деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

 

Ескерткіш С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы аллеяда ашылады. Мұнда 20 қарағай көшеттері отырғызылды.

 

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, Алматыдағы ҚХА-сы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Шардинов, ақын А. Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Ж. Шерияздан ескерткіштің ашылуын қолдап сөз сөйледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)