Алматы қаласында 2021 жылдың 25-26 ақпан аралығында түн мезгілінде қар тазалау туралы ақпарат

Алматы қаласында 2021 жылдың 25-26 ақпан аралығында түн мезгілінде қар тазалау туралы ақпарат

Алматыда 24-25 ақпанда жауған қарды тазарту жұмыстары жалғасуда, қалаға 20-30 см, ал таулы аймақтарға және тау бөктеріне 45 см-ге дейін қар түсті.

25 ақпан күні сағат 18.00-де қала сыртына 12 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Түнде қаланың негізгі көшелерінен және жолайрықтарынан қады жаппай сыртқа шығару жоспарлануда, бұл іске 462 арнайы техника бірлігі және 716 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойына қар тазарту жұмыстарын бақылайтын кезекшіліктер ұйымдастырылған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының әкімдігі (@akimat_almaty)