Алматыда экологияның жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды

Алматыда экологияның жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды
Экологиялық көрсеткіштердің онлайн-картасы мегополис тұрғындарына қоршаған ортаның жағдайы, атмосфералық ауаның сапасы туралы кең мағлұмат береді.
 
 
Жоба Алматы экологиялық жағдайы жөніндегі барлық мәліметтерді біріктіретін динамикалық платформа болып табылады. Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режимінде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. ПДК индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.
 
Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі.
 
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты – қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар, жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.
 
Еске салсақ, қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станция бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізілетін болады.