Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады

Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады

Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.

«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.

Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.

Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.