«Бастысы – адамдар көп жиналатын орындарға бармау» — алматылық дәрігерлер жұқтыруды болдырмау бойынша ұсыныстарды айтты

«Бастысы – адамдар көп жиналатын орындарға бармау» — алматылық дәрігерлер жұқтыруды болдырмау бойынша ұсыныстарды айтты
Алматы қаласының №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев ӨКҚ брифингінде мегаполистегі күрделі эпидемиялық жағдай аясында қала тұрғындарына бірқатар ұсыныстар айтты.
 
«Біріншіден, бетперде киіп, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, қолға қолғап кию. Үйге келгеннен кейін қолды жуу. Адамдармен кездескен кезде 1,5-2 м қашықтықты сақтау қажет. Бастысы адамдар көп топтасып жиналатын жерлерге бармау», — деді ол. 
 
Артур Қажыбаев сонымен бірге, қолғаптар мен бетперделерді әсіресе қоғамдық көлікте кию маңыздылығын түсіндірді. 
 
«Қолғап кию өте маңызды, өйткені егер қолғапсыз қолымызда инфекция болса, біз оны байқамаймыз және автоматты түрде бетімізді қолмен ұстаймыз – солай біз тез жұқтыруымыз мүмкін. Қазіргі уақытта бетперделер ең маңызды сақтық шараларының бірі болып табылады, адамдар бір–бірімен сөйлескен кезде инфекция ауа арқылы таралады, сондықтан қала тұрғындарына бетперде мен қолғап киген дұрыс деп ойлаймын», — деді бас дәрігер.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жұқтыру орындары туралы ақпаратқа сәйкес, жұқтыру оқиғаларының 39,6%-ы қоғамдық орындарға баруға; 27,5%-ы-отбасында КВИ-мен ауыратын науқаспен қарым-қатынас жасауға; 20,3%-ы — көлікпен жүруге тиесілі. Артур Қажыбаев КВИ-ден түскен адамдарды жұқтырудың себептері туралы емхана бөлінісінде хабарлады.
 
«Жұқтыру себептеріне келетін болсақ, ең бастысы – науқастар науқас адамдармен қарым – қатынаста болды, инфекцияның осы санаты бойынша-үлкен пайыз. Екіншіден, адамдар көп жиналатын жерлерде болғандар және қонақ шақырып, қонаққа, мысалы, тойға барғандар. Бізде келесі пайыздық көрсеткіштер болды, мысалы, азық-түлік дүкендерінен – 36%, қоғамдық көліктерден – 13%, базарлардан – 12%. Бұл біздің емханада бақылауға алынған 23 адамның жұқтыру оқиғалары бойынша. Көбінесе жұқтыру жағдайлары алдын алу шараларын ескермеумен байланысты», — деп атап өтті ол.
 
Спикер сондай-ақ, мобильді бригаданы қандай жағдайларда дереу шақыру керек деген сұраққа жауап берді.
 
«Егер ЖРВИ белгілері – жөтел, дене қызуы пайда болса, онда емделушіге емханаға жүгіну керек – тіркеу бөліміне қоңырау шалу қажет. Тіркеу орнында мобильді бригадаға ауыстырады, мобильді бригада келіп, қызмет көрсетеді. Ең алдымен, олар (мобильді бригада) да қоңырау шалып, жағдайына баға беріп, содан кейін келіп көмек көрсетеді. Мобильді бригада келіп, қарап, ауруханаға жатқызу қажет деген белгілерді көрсе, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл ретте науқас 14 күн бойы бақылауда болады», — деп түсіндірді Артур Қажыбаев.