Сессияда мәслихат хатшысы және жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды, сонымен қатар «Алматы-2025» даму бағдарламасы бекітілді.
Сессияны Алматы қаласындағы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова ашты. Оның айтуынша, сайлау қорытындылары бойынша мәслихаттағы орындар мынадай болып бөлінген: Nur Otan партиясы - (68,11%) 29 орын, «Ақ жол» партиясы - (10,11%) 4 орын, Қазақстанның Халық партиясы - (7,7) %) 3 орын, «Ауыл» партиясы - (7,68%) 3 орын. Ж. Асанова сайланған депутаттарды құттықтады және оларға VII шақырылған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының куәліктері мен төсбелгілерін тапсырды. (тізім)
Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы сайланғаннан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде VII шақырылған Алматы мәслихатының хатшысы болып депутат Станислав Канкуров бірауыздан сайланды.
Екінші мәселені талқылау барысында тұрақты комиссиялар құрылды және олардың төрағалары мен мүшелері сайланды.
Мәслихат депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» Стратегиясында Алматының ғаламдық, өмір сүру мен жұмыс істеу үшін тартымды қалаға әрі Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасына айналуы тиіс екені нақтылы көрсетілгенін атап өтті.
Стратегияға сәйкес «Шеті жоқ қала», «Ақылды» қала, «Тең мүмкіндіктер қаласы», «Қауіпсіз қала», «Жасыл қала», «Жаһандық іскерлік орталығы», «Мәдени креатвиті қала» тұжырымдамаларына баса назар аударылатын болады.
Стратегияны тиімді жүзеге асыру үшін келесі тұрақты комиссиялар мен олардың басшылары ұсынылды:
«Қаланың маңызды мәселелерінің бірі – экология Сондықтан экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту бойынша жаңа комиссияны құрып, оның басшысы етіп азаматтық сектордың тәжірибелі өкілі Алтынай Орманқалиқызы Көбееваны тағайындау керек», - деп Б.Сағынтаев депутаттарға ұсыныс жасады.
Дауыс беру нәтижесінде тұрақты комиссиялардың жұмысын қайта форматтау және жаңа, жетіншісін құру туралы ұсынысты VII шақырылған Алматы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.
Сессия барысында «Алматы-2025» даму бағдарламасы да қабылданды. Аяқталу кезінде қала мәслихаты екінші сессиясының төрағасы сайланды.