Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев биылғы тоғыз айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын таныстырды. Жыл басынан бері ауданнан мемлекеттік бюджетке 266,4 млрд теңге салық пен төлем түскен екен.

Оның ішінде 127,2 млрд теңге республикалық бюджетке, 139,2 млрд теңге жергілікті бюджетке бағытталды. Көтерме сауда көлемі 630 млрд теңгені құрап, бөлшек сауда көлемі 861,6 млрд теңгеге жеткен.

Құрылыс жұмысының көлемі де 42,6 млрд теңгеге жетіп, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 6,8%-ға өсіп отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 39,9 млрд теңгені құраған болатын.

«Әуезов ауданы – жақсы дамып келе жатқан, қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен орын алатын аудан», – дейді аудан әкімі.