Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін қозғалыс №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта шектеледі. Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі, ал қарама-қарсы бағытта реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске саламыз, көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.