
Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады
Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі. Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады.
Басқарма өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.