Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді

Қабылдау барысында қала тұрғындары халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет салаларына, сондай-ақ Алматының тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтармен жүгінді.

Азаматтар көрнекті тұлғалар мен Ұлы Отан соғысы қатысушыларының есімдерін ұлықтау, мемориалдық тақталар мен ескерткіштер орнату, қала көшелеріне атау беру, мәдениет саласын дамыту, сондай-ақ мектеп автобусының бағытын өзгертуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Салалық басқармалар мен жауапты ұйымдарға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама аясында оларды шешудің мүмкін жолдарын пысықтау тапсырылды.

Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде өткізіліп келеді және тұрғындар мен қала әкімдігі арасындағы тікелей диалогтың маңызды тетігі болып табылады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға және мегаполисті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешуде қала тұрғындарының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.