
Алматыда 4 шілде күні «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаланың 8 ауданында кезекті апталық сенбілік өтті.
Сенбілікке 2,4 мың адам қатысып, тазалық жұмыстарына 94 арнайы техника жұмылдырылды. 905 текше метр қоқыс пен тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды.
Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық кеңістіктер, көшелер, скверлер, магистраль жолдардың бойы және су айдындарының маңындағы аумақтар тазартылды.
Мұндай экологиялық іс-шараларды апта сайын өткізу қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта құруға мүмкіндік береді.