Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті рет жеке мәселесі бойынша қабылдады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті рет жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кездесу барысында білім беру, мәдениет, спорт және қоғамдық бастамаларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Қала тұрғындары бұқаралық спортты дамыту, халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, мәдени және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, білім беру жүйесін жетілдіру және мемлекеттік тілді қолдау бойынша ұсыныс айтты. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен естелік бастамаларды іске асыру мәселелері көтерілді.

Қабылдау барысында балалардың құқығын қорғау, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ жауапты мекемелер жұмысының жауапкершілігі мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Қарастырылған барлық өтініш пен ұсыныс қарауға алынды. Әр мәселе бойынша салалық басқармалар мен жауапты құрылымдарға тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар бірқатар бағыт бойынша нақты қолдау шараларын әзірлеу тапсырылды.