
2026 жылы 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Алматының Түрксіб ауданында Бекмаханов көшесі бойымен Лавренев көшесінен «Qazaq Energy Charge» жанармай құю станциясына бұрылысқа дейінгі аралықта автокөліктер қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады.
Уақытша шектеу асфальт жабынының шөгуіне байланысты жолдың асфальт-бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өтудің балама бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.