
Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының іріктеу кезеңі аяқталды. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысуын жалғастыратын финалистер анықталды.
Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның мақсаты — қаланы дамытуға бағытталған практикалық шешімдер әзірлей алатын жаңа буын сарапшыларын қалыптастыру.
Жобаға келіп түскен 218 өтінімнің ішінен финалға 65 адам өтті. Оның ішінде 33 ер адам және 32 әйел бар. Финалистер бірнеше бағыт бойынша іріктелді:
«Мегаполисті ақылды басқару» бағыты бойынша - 8 адам; «Креативті экономика және мәдени стратегия» бағыты бойынша -11 адам; «Туризм және халықаралық ілгерілету» бағыты бойынша - 5 адам; «Урбанистика және кеңістік даму» бағыты бойынша - 11 адам; «Қалалық ортаның экологиясы және тұрақты дамуы» бағыты бойынша - 16 адам; «Цифрлық экономика және инновациялық экожүйелер» бағыты бойынша - 8 адам; «Серіктестік арқылы тұрақты даму» бағыты бойынша - 6 адам.
Қатысушыларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Іріктеу барысында олардың кәсіби құзыреттері, талдамалық ойлау қабілеті және жобаға қатысуға деген ынтасы бағаланды.
«Жастардың талдау саласына және деректермен жұмыс істеуге деген қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл жоба олардың кәсіби өсуіне маңызды мүмкіндік береді деп сенеміз», — деді ұйымдастырушылар.
Финалистер жетекші сарапшылардың қатысуымен өтетін білім беру бағдарламасынан өтеді. Бағдарлама аясында олар талдау жүргізу, деректермен жұмыс істеу және қалалық міндеттерге арналған шешімдер әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар Алматыны дамытуға бағытталған нақты кейстермен жұмыс істейді. Үздік қатысушыларға кәсіби дамуын жалғастыруға және қалалық жобаларға қатысуға мүмкіндік беріледі.
«Талдау мектебі. Алматы» жобасы жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту және қаланың сарапшылар қауымдастығын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс аясында жүзеге асырылып отыр.
«Талдау мектебі. Алматы» жобасы финалистерінің тізімі:
№ ТАӘ Жұмыс, оқу орны
1. МЕГАПОЛИСТІ АҚЫЛДЫ БАСҚАРУ
1. Әмірханова Аружан Темірханқызы, Алматы қаласын дамыту орталығы, Дата-аналитик
2. Бидайық Айбек Нұрланұлы, Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық тексеру бөлімінің маманы
3. Ғалымжанова Айдана Асланқызы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, аға дәріскер
4. Есен Әсел Мұхтарқызы, Goosebumps бюро диджиталы
5. Кәбдесов Кенжехан Талғатұлы, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) сапаны қамтамасыз ету орталығының басшысы
6. Пягай Виктор Тимофеевич, Эйр Астана АҚ, BI-талдаушы
7. Сандыбаев Олжас Балтабайұлы, «АлЭС» АҚ, талдау және бақылау басқармасының басшысы
8. Темірбаева Айжан Маратқызы, META University, Ректор
2. КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИ СТРАТЕГИЯ
9. Баймағамбетов Олжас Сапарғалиұлы, ЕЭК хаттама департаменті баспасөз қызметі бөлімінің маманы
10. Бақытжан Шынар Ержанқызы, Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері; ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
11. Беймішева Айгүл Сейітжанқызы, Нархоз университеті КЕАҚ, Әлеуметтану мектебінің деканы, профессор және бағдарлама көшбасшысы
12. Жөндербек Жазира Айбекқызы, Almaty Children’s Science Museum/ Білім беру бағдарламаларын әзірлеуші
13. Малаева Диана Қабдұлқызы, ХБК әлеуметтік даму жөніндегі проректор және Алматы коммюнити орталықтары дирекциясының басшысы
14. Мамырбеков Ерасыл Мархатұлы, Digital college (ҚАЗБСҚА колледжі), директор
15. Марасұлов Нұрлы Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының оқытушысы
16. Мұқашев Қайрат Манатбекұлы, «Абай ұлттық мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі, директор
17. Нартай Алмат Нартайұлы, Алматы қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебі
18. Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Білім және қоғамды дамыту ғылымдары орталығының басшысы
19. Тұрысбек әсем Берікқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 2-курс докторанты
3. ТУРИЗМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЗИЦИЯЛАУ
20. Әбдіғали Балжан Айтбекқызы, KAZ Minerals, Қаржылық есептілік бөлімінің басшысы
21. Сүлейменова Жанел Мейрамбекқызы, Қазақстандағы америкалық сауда палатасындағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық құрылымдармен өзара іс қимыл жөніндегі менеджер
22. Тікенов Еркін Амангелдіұлы, Инсайд Тревел ЖШС директоры, OTA Group ЖШС директоры, AlmaU практика профессоры, ҚазСТА туризм докторанты
23. Төлегенұлы Бекболат, Astana Motors, PR-менеджер
24. Усманов Махмутжан Усенжанович, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №49 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. УРБАНИСТИКА ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТІ ДАМЫТУ
25. Айдарханова Гаухар Берікқызы, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер зертханасы
26. Амангелді Өзерке, Алматы гуманитарлық экономикалық университеті
27. Кәрімғажы Гүлнұр Нұрланқызы, Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» КМҚК директоры
28. Кәдірбек Баян, «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы-оқытушы, АлматыБасЖоспар-сәулетші»
29. Мәмбетов Сәкен Төлегенұлы, «Тұран» университеті Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің директоры
30. Өнербай Арайлым Қайратәліқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының «Саясаттану» мамандығының 1-курс докторанты
31. Садық Уәлихан Еркінұлы, SDU University, ғылым координаторы
32. Сейітнұрова Диляра Берікқызы, KAZSMU ЖШС – директордың даму жөніндегі орынбасары
33. Серікжанова Сәбира Серікжанқызы, Нархоз университеті, қауымдастырылған профессор, «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік зерттеулер» білім беру бағдарламаларының жетекшісі
34. Тәжиева Дамира Әбдіғафарқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы, орнықты даму орталығының геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер зертханасының аға ғылыми қызметкері.
35. Узбеханов Нұржан Болатбекұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары
5. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ
36. Әлиханов Қуантар Дәуленұлы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының пәнаралық ғылым орталығының басқарушы директоры, PhD, профессор
37. Бүрлібаева Шұғыла Мейрамбекқызы, Bugin Holding компаниясы бас директордың орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушы
38. Ершібұлов Азамат Қайратұлы, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты, аға ғылыми қызметкер, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
39. Кумамбетова Нина Владимировна, ҚР-дағы GIZ өкілдігі, коммуникациялар жөніндегі маман, «Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді басқару» бағдарламасы
40. Қуандықова Ақбота Бостандыққызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Химия кафедрасының аға оқытушысы PhD
41. Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары
42. Лобунцова Юлия Николаевна, «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» қоғамдық қоры атқарушы директорының орынбасары
43. Мейрамбекұлы Нұрсұлтан, Ғылыми жобаларды талдау және үйлестіру басқармасының бастығы, ҚазҰУ ғарыштық технологиялар орталығының директоры
44. Меркібаев Ерік Серікұлы, Сәтбаев университет, аға оқытушы
45. Нәби Асқар Кәрімжанұлы, Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының халықаралық байланыстар жөніндегі бас директорының кеңесшісі
46. Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы, «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университеті / «Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы
47. Райымбергенова Кәмшат Тоқашқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
48. Сыпабекқызы Гүлназ, Қазақстан ұлттық қыздар педагогикалық университеті, жаратылыстану ғылымдары институты. Биология кафедрасының аға оқытушысы. Ботаника және фитоинтродукция институты
49. Тіленшиева Аршын Мұратқызы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетің аға оқытушысы (PhD), Б.Атчабаров атындағы Ұжымдық қолдану орталығының бас ғылыми қызметкері
50. Хусаинова Диана Русланқызы, Almaty Air Initiative зерттеуші-талдаушысы
51. Ыдырыс Әлібек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры
6. ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕР
52. Ақполат Жалғасбек Жақанұлы, Нархоз Университеті, Narxoz Business School, MBA директоры
53. Әлибаева Адина, БҰҰ Даму бағдарламасы
54. Ахметов Мейрамбек Ілиясұылы, «Thousand IT Company» ЖШС СЕО, thousand.kz
55. Күшенов Асфендияр Ғабитұлы, Warehouses KIF ЖШС
56. Қырықбаев Дархан Жанатұлы , «Nomad Insurance» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы цифрлық трансформация және стратегия жөніндегі басқарушы директоры
57. Махатова Балжан Ғалымжанқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, Білімді ілгерілету және тарату бөлімінің меңгерушісі
58. Нұрақын Бексұлтан Серікұлы, Астана Хаб («Astana Hub») автономды кластерлік қорының Алматы қаласы бойынша филиалы («Almaty Hub»), білім беру және бизнес-бағдарламалар кеңсесінің директоры
59. Нурбацин Ақан Сейітқанұлы, Ғылыми қызмет департаментінің директоры, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті UIB
7. СЕРІКТЕСТІК АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
60. Ақынов Томас Нұрғалиұлы, Орталық Азияның Еуразия Қоры. Зерттеу және даму бөлімінің бастығы (R & D)
61. Ахмеджанова Әлия Серікболқызы, Nomads SHANYRAQ ҚҚ, президент
62. Байтұқаева Дана Өмірбекқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ҚазҰУ-дағы құқық үстемдігі және ЖИ орталығының директоры
63. Жақыбаева Салтанат Төлеуқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы
64. Кеңесов Әкежан Бақытұлы, Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшесі, Азаматтық Альянс бірлестігінің мүшесі
65. Мұхаметжан Ақбота Ерлікқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы