
Шемякин көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 30 сәуір сағат 07:00-ден 2 мамыр сағат 07:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.