Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтеді

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтеді

Алматыдағы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада 30 сәуір күні Алматы кітапханалары мен «ByArT» көркем студиясы ұйымдастырған «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтеді. Іс-шара аясында қалалық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік жұмыстарға шолу жасалады.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу, балалар шығармашылығын қолдау және жас таланттарды анықтау.

Көрмеге София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский және оның отбасы қатысады.

Байқау сәуір айының басында жарияланып, жұмыстарды қабылдау 23 сәуірде аяқталды. Барлығы 109 жұмыс келіп түсті, олардың ішінен көрмеге қатысу үшін 70 үздік туынды іріктеліп алынды. Таңдалған жұмыстар қаланың көрікті жерлерінің әсемдігін бейнелеуге арналған.

Көрме барысында келушілер жас суретшілердің еңбектерімен таныса алады.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Күні мен уақыты: 30 сәуір 2026 ж., сағ. 11:00
Өтетін орны: А. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана
(Гоголь к-сі, 109)

Толық ақпарат: Алматы кітапханаларының баспасөз қызметінің жетекшісі – Ақбота Әбдіғаппарова
Байланыс телефоны: +7 708 870 9905
Электронды пошта: info@almatylibrary.kz