
Орал қаласында 21-23 сәуір аралығында жастар мен ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің 20 өңірінен 310 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.
Спортшылар 16-17 және 18-23 жас санаттарында сәтті өнер көрсетіп, бірқатар алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.
16-17 жас санатындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Арыслан Қуанышпаев (52 кг) — I орын,
Наиль Нұрамбеков (57 кг) — I орын,
Акрамжан Мұталипов (57 кг) — II орын,
Әлихан Қайратұлы (62 кг) — III орын,
Оразхан Сапарбаев (67 кг) — I орын,
Фархат Рысбек (+80 кг) — III орын.
18-23 жас санатында жүлдеге ие болғандар:
Ақерке Нұрғали (48 кг) — I орын,
Ақпейіл Нұрғали (53 кг) — II орын,
Темірлан Оралбеков (62 кг) — I орын.