
2026 жылы 20 сәуір мен 6 мамыр аралығында Алматының сегіз ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру барысында күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.
Қауіпсіздік шаралары қабылданғанына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, кейбір жол төсемінің бұзылуы сынды күтпеген жайттар болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда ешқандай өз бетінше әрекет жасамай, дереу қауіпті аумақтан алыстап, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Тел.: 378-06-48, 378-06-62
Call-орталық: 341-07-00, 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014)
109 қызметі
Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі
20 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Б. Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев
20-22 сәуір
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан
20 сәуір – 6 мамыр
Бостандық ауданы:
Асқаров – «Мирас» ш/а. – «Алматы» санаторийі – Саин – әл-Фараби – «Қазақфильм» ш/а. – Рысқұлбеков – Каблуков – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – «Алмагүл» ш/а. – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Қожанов – әл-Фараби – «Алмагүл» ш/а.
Орбита-1,2,3,4 ш/а. – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі
21 сәуір
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов
Жетісу ауданы: Айнабұлақ 1–4 ш/а., Көкмайса ш/а., Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодар
21-22 сәуір
Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов
22 сәуір
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда
Жетісу ауданы: Құлагер ш/а. (Серіков – Ратушный), Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов
22-23 сәуір
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би
23 сәуір
Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш
23-24 сәуір
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов
24 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі ш/а.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов
27 сәуір
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н. Данченко
Алмалы ауданы: Чокин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек
27-28 сәуір
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курган – Сәтбаев – Чайковский
Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені
28 сәуір
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК-ның оңтүстік бөлігі
28-29 сәуір
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко – Желтоқсан – Сәтбаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов
29 сәуір
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи
29-30 сәуір
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені
5 мамыр
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин
Көрсетілген аумақтарда тұратын тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды.
Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің жағдайын тексеру және жылыту маусымына дайындық аясында ақаулы учаскелерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.